ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы
Мәжіліс пен Сенат депутаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларацияны қабылдады. Тарихи тағлымы мол құжат Парламент палатасының бірлескен отырысында мақұлданды. Декларацияны Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов таныстырды. Оның айтуынша, құжатта 25 жылда бағындырған белестеріміз барынша сипатталған.