Медицина. 25 жылдағы отандық медицинаның жетістіктері
Тәуелсіздік жылдар ішінде Қазақстанда мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны салынып, қолданысқа берілді. Оның ішінде 8 медициналық ғылыми институт, 30-дан астам мамандандырылған орталық, 180-ге жуық аурухана, 100-ден астам емхана бой көтерді. Ілгері дамып жатқан өзге де салалар секілді мұнда да заманауи озық технологиялар енгізілді. Ширек ғасырдағы медицина саласының әлеуеті жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.