Агросектор. Еліміздегі ең ірі құрама жем өндіру зауыты
Бұрынғы Кеңес одағы аумағында қуаттылығы бойынша озық үштікке енген Жақсы элеваторы ескі дәстүрге құрметпен қарайды. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді Ақмола облысының Жақсы ауданында орналасқан «Урожай» ЖШС жұмысымен таныстырады. Ол 2014 жылы ТМД елдерінің ішінде ресми түрде ең ірі дайындаушы кәсіпорындардың бірі ретінде танылған. Кәсіпорынның негізгі қызметі астық пен дәнді дақылдарды қабылдау, сақтау және өңдеу. Осы уақыт аралығында мұнда өнімділігі тәулігіне 500 тонна астық болатын 3 диірмен кешені іске қосылып, сыйымдылығы 50 мың тонна болатын жаңа элеватор салынды. Сонымен қатар адам еңбегі азайтылып, механика арқылы автоматтандырылды.