Қазақстанда жасалған. Душқа арналған гель

Шашқа арналған сусабындар мен бальзамдар, сабындар, душқа арналған гельдер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Бүгінде нарық олардың шетелден әкелінген түрлерімен қатар Қазақстанда жасалған өнімдерін де ұсынады. Еліміздегі отандық өндірісте медициналық және тамақ өнеркәсібіне арналған тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдары, тұрмыстық химия мен косметика өнімдері өндіріледі. Бүгін біз осылардың ішіндегі душқа арналған гельдердің қалай жасалатынына тоқталамыз.