Олимп. Шаңғы спорты

www.helptur.ru

Еліміздің шаңғышылары тәуелсіздік алған жылдан бері Универсиададан құр алақан қайтқан емес. Оның ішінде Николай Чеботько, Марк Старостин, Анастасия Слонова және басқаларының жүлделері бар. Тізім айтарлықтай ұзын. Ал алдағы Алматы аламаны оны тағы да толықтыруы керек. Өйткені қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Инфрақұрылымы керемет. Бапкерлері білікті. Біздің бір байқағанымыз шаңғышылар арасында Универсиада сияқты әлемдік додаға алғаш қатысып жатқандары да бар. Алайда Ұлттық федерацияның мамандары алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Қазір спортшыларымыздың барлығы қызу дайындыққа кіріскен. Ол жайлы толығырақ осы шығарылымда.