Талдау. Кәсіпкерлер үшін жасалған мүмкіндіктер

Бүгінгі таңда кәсібін ашып, өз ісін бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан біршама жағдай жасалған. Бірнеше уақыттан бері елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл шағын және орта бизнес құрылымдарын жетілдіру мақсатында қолға алынған бастама. Ал «Даму» қоры болса сол игі шаруаның қаржылық агенті. Бүгін біз іскерлік етемін деушілерге қол созған қор жұмысы жайлы сөз қозғамақпыз.