Заң жобасы. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес

www.notiexpresscolor.com

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді талқылады. Жанұядағы жанжалдың алдын алуға бағытталған заң 2009 жылы қабылданған болатын. Мәжіліс депутаттары содан бері бұл құжатқа 2 рет өзгеріс енгізіпті. Полицейлер болса 7 жыл ішінде шаңырағының шырқын бұзған 379 мыңға жуық азаматқа шара қолданған. Ең өкініштісі сол ер адамдардың қолынан 10 мыңға жуық әйел мен бала көз жұмған. Мұны естіген Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті әлі де күшейту керек деп дабыл қағып отыр. Ол үшін ең алдымен бұл іске жауапты мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты нығайту қажет. Толығырақ осы шығарылымда.