Заң жобасы. Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру
Сенаторлар қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдірмек. Ол үшін жоғары палата мүшелері 15 заң мен 5 кодекске өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Аталған құжаттарды талқылау үшін күштік құрылымдар, Қаржы министрлігі, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы қызмет басшылары және «Атамекен» ҰКП өкілдері Парламентте бас қосты. Тараптар экономикалық қылмысты жою туралы сөз қозғады. Бас прокуратура жалған кәсіпкерлікпен айналысатындардың қылмысын жемқорлықпен, тіпті терроризммен теңестіруді ұсынды.