Заң жобасы. Нарықтағы препараттардың бағасын реттеу
Биыл мамыр айында парламенттік тыңдау өтеді. Депутаттар халықты тегін әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін талқыламақ. Фармацевтика саласын дамыту да басты назарда болады. Заң шығарушылар осы арқылы нарықтағы препараттардың бағасын заң бойынша реттеуге қол жеткізбекші.