Заң жобасы. ҰБТ-ның жаңа форматы

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгерді. Енді ҰБТ екі кезеңнен тұрады. Осы жылы 132 мың түлек міндетті қорытынды аттестациялаудан, яғни мектептегі соңғы емтиханнан өтуі тиіс. Ал жоғары білім алуға ниет білдіргендер бір айдан кейін бөлек тест тапсырады. Өткен жылы «Білім туралы» заңға осындай өзгерістер енгізілген болатын. Парламент депутаттарының айтуынша, ҰБТ аясындағы шуды сейілту керек. Ол үшін тест тапсырмаларының сапасына қатысты біраз мәселелерді шешіп, жоғары білім алуды жеңілдету қажет.