Заң жобасы. Электр энергиясын тарататын компанияларды біріктіру
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр. Талқылаудың нәтижесінде Электр энергетикасы туралы, Табиғи монополиялар туралы және Мемлекеттік мүлік туралы түзету енгізілмек. Негізі жаң заң жобасы электр таратушы компаниялардың санын қысқартуға бағытталған. Арадағы делдал азайса, тарифтер де төмен болады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев тұтынушылар үшін алдағы 4 жылда электр энергиясының бағасы өспейтінін мәлімдеді. Ал тарифтер төмендеуі мүмкін.