Заң жобасы. Балабақша тапшылығы
Екі жылдан кейін Қазақстанда балабақша тапшылығы толықтай шешімін табады. Бұл туралы Парламент қабырғасында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру электронды жүйеге ауыспақ. Ол енді азаматтар үшін Үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.