Арнайы шығарылым: Елбасының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қабылдады. Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. 

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.