Қаржы. Ақпараттық қорғаныс

Ақпараттық соғыс - мылтықсыз майдан. Қазір қару асынып шекара бұзып жатқан жау жоқ. Бірақ ақпараттық текетірес қызып тұр. Әр мемлекет өз мүддесі үшін сан түрлі мазмұндағы мәліметтерді жарыса таратып жатыр. Осы тұста отандастарымыздың жеке деректері қаншалықты қорғалған? Көпе-көрінеу кеткен тұстары жоқ па? Хакерлердің шабуылынан қалай қорғануға болады деген сауалдар көпті мазалап келеді.