Экономика. Қазақстанда 2016 жылы шағын бизнес рекордтық табысқа қол жеткізген
- 2016 жылы шағын және орта бизнес рекордтық табысқа қол жеткізді. Бұл шамамен 2 трлн теңгедей пайда.
- 2017 жылдың тамызында қазақстандықтар бөлшек сауда нүктелерінде 806 млрдтан астам теңге жұмсаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға артық.
- «Kegoc» таза табысының 70%-н дивидендтер төлеуге жұмсамақшы. Бұл мәселе 26 қазанда өтетін мемлекеттік компаниялар акционерлерінің жиналысында қаралады.
- Украина бюджетіне сыртқы мемлекеттік қарыз облигациясын шығарудан елге 1,318 млрд доллар енді.
- Франция ірі «BNP Paribas» банкінің Руандадағы геноцидке қатысы бар-жоғын тергейді.
- Ағылшын банкі британдық банктерге капиталдарын көбейтуге кеңес береді.
- Астанада 13 млрд теңгенің 9 жобасы іске қосылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми статистикаға сүйенсек, қалада өнеркәсіп өндірісі 7,5%-ға өсіп, 336,5 млрд теңгеге жеткен.