Экономика. Электронды сауданың ғаламдық нарығы 2 трлн долларға жеткен
- 2017 жылдың тамызында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві өткен аймен салыстырғанда өзгермеген.
- Жақын жылдары Қазақстан әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу тәжірибесін доғармайды.
- 2017 жылдың 1 қыркүйегінде банк секторының жиынтық активтері жыл басынан бері 5,5 процентке төмендей келе, 24 трлн теңгеден асып түсті.
- Француздың Alstom мен Siemens-тің транспорттық құрылымы бір теміржол компаниясына бірігеді. Екі кәсіпорынның баспасөз баянында осылай хабарланған.
- АҚШ-тың қаржы министрлігі Солтүстік Кореяның қаржылық операцияларына қатысы бар 8 банкпен, 26 адамға қарсы санкция енгізген.
- Электронды сауданың ғаламдық нарығы 2 трлн долларға жетті. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда әлем бойынша 3 млрдтан астам адам интернет қолданса, оның жартысы тұрақты түрде онлайн сауда жасайды. Бұл үрдістен біздің елде қалысып отырған жоқ. Алайда нарыққа қатысушылардың келтірген ресми статистикалық мәліметтер мен сандарында айтарлықтай алшақтық бар.