Экономика. Еуразиялық экономикалық одақ: ел үшін маңызы мен міндеті
Еуразиялық экономикалық одақ жас интеграциялық бірлестік. Кедендік одақ режимінде ол 2011 жылдан бері, ал экономикалық одақ режимінде 2015 жылдан бері әрекет етуде. Сарапшылар сөзіне сенсек, жаңа экономикалық бірлестік әлемдік экономиканың созылып кеткен құлдырау кезінде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда сауда-саттық пен экономикалық өсім екпінін қайта қалпына келтіру жолында ЕАЭО елдері экономикалық интеграцияны әрі қарай нығайтуға бағытталған тың қадамдарды қолға алуда.