Экономика. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 8-орында
Қазақстан аумағында 200-ге жуық мұнай және газ кен орны бар. Жалпы қор көлемі 11-12 млрд тоннаға бағаланып отыр. Ал осы ресурстардың 70%-ы елдің батыс өңіріне негізделген. Қазақстан мұнайы ауыр, құрамында парафині, шайыры және күкірті мол. Қорды алу қиын және өндіру жоғары. Осының барлығы шикізат нарығындағы бағаның түсуіне әсер етіп, соңғы жылдары өндіру қарқыны минералды шикізат базасын толтыру екпінінен озып келеді.