Мәдениет жаңалықтары. Астанада «Қазақстан кәрістері» атты көрме ашылды

- М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры елордадағы ең көне мәдени орда. Өнер ұжымы биыл 117 маусымының шымылдығын түрді. Жаңа маусымды театр Пушкиннің «Евгений Онегин» премьералық қойылымымен ашты. 

- Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында «Не может быть» музыкалық комедиясының премьерасы өтті. 

- ҚР-ның Ұлттық музейінде фотожурналист Ким Джинсоктың «Қазақстан кәрістері» атты көрмесі ашылды. Шара кәріс ұлты өкілдерінің Қазақстанда өмір сүріп келе жатқанына 80 жыл толуына және Қазақстан мен Корея республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.