Үлкен спорт. Теннисші Роджер Федерер 95-ші титулын жеңіп алды

- Базелде өткізілген турнирде швейцариялық теннисші Роджер Федерер 95-ші титулын жеңіп алды. Ол финалда Хуан Мартин Дель Потроны тізе бүктірді. 

- Француз Себастьен Ожье раллиден өткен әлем чемпионатын осымен 5-ші рет жеңіп алды. Бұған дейін Ожье титулдарын 2013-2016 жылдары зауыттағы командасы volkswagen құрамында алған еді.

- Мексика гран-приінде 9-шы орыннан көрінген шабандоз Льюис Хэмилтон Формула-1 маусымы аяқталғанша 4-ші чемпиондық атағын алды. 

- 16 жастағы америкалық голф спортшысы Эмили Нэш Массачусетсте жасөспірімдер арасында өткен турнирде қарсыластарын қапы қалдырды. Алайда жеңімпаз жүлдесіз қалды, деп жазады SBNATION

- Серена Уильямс сән-салтанаты келіскен зәулім сарайын 12 миллион долларға сатпақ. Business Insaider басылымы спортшының баспанасы қандай екендігіне материал арнаған.