Экономика. Қазақстан коммерциялық тауарлар тасымалына бақылауды күшейтеді
Қырғызстан арқылы ЕАЭО елдеріне жеткізілетін Қытайдың контрабандалық тауарлары еуразиялық бестікке айтарлықтай қолайсыздық тудырып отыр. Қытайдан ЕАЭО елдеріне жеткізілетін тауар импортының динамикасы, Қырғызстаннан басқа барлық елдерде оның төмендегенін көрсетіп отыр. Айталық, 2016 жылы Қытайдан Қазақстанға одан екі жыл бұрынғы деңгейден екі есе аз тауар жеткізілген. Ресей Қытайдан 25%-ға кем сатып алып жүр. Беларусьте де сәл бәсеңдік байқалады. Кеден бажы түсімінің өсуі тек Арменияда екі есеге байқалса, Қырғызстанда бұл көрсеткіш алты еседен артық.