Экономика. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 9 айлық қорытындысы
Үкіметте осы жылдың 9 айындағы мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы қорытындыланды. Өнеркәсіп өндірісі биылғы жылдың 9 айында 6,5 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Бұл ретте фармацевтиканың 36,1%-ға, жеңіл өнеркәсіптің 9,6%-ға өскені байқалып отыр. Жалпы мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған 7 жылда 5,5 триллион теңгенің 1080 жобасы іске қосылып, 101 мың жұмыс орны құрылды. 2017 жылдың 9 айында жалпы құны 800 миллиард теңгенің 52 жобасы іске қосылып, 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.