Үлкен спорт. Фелипе Масса енді «Формула-1» жарысына қатыспайды

- Фелипе Масса осы маусым біткен соң «Формула-1» жарысына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Motorsport Week. Бразилиялық спортшы 2014 жылдан бері Williams командасы құрамында өнер көрсетіп келеді. 

- Болашағынан үлкен үміт күттіретін австралиялық теннисші Дестани Айява ақша табу үшін ғана ойнап жүргенін мойындады. 

- WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтан әлем чемпионы Деонтей Уайлдер алғашқы раундта-ақ Бермейн Стивернді накаудқа жіберді, деп жазады The Guardian. 

- Ауғандық спортшылар 2018 жылы өткізілетін қысқы олимпиада ойындарына алғаш рет қатысатын болады. Бұл туралы Tolo News хабарлады.