Жерұйық. Ұлытау - ұлттың алтын бесігі

«Киелі Қазақстан» жобасының басты мақсаты - еліміздің мәдени-географиялық белдеміндегі киелі жерлердің тізімін жасау. Жайсаң жерұйыққа саяхатымыз жалғасын табуда. Бұл жолы біздің бағдарламаның түсірілім тобы сіздерді тарихи-мәдени ескерткіштер ордасы - Ұлытау өңіріне шақырады.