Мәдениет жаңалықтары. Елордалықтар ең жас әртістің дебютін тамашалады

Елордалық өнер сүйер қауым ең жас әртістің дебютін тамашалады. 10 жастағы Қажымұрат Еркін - «Астана Опера» балалар студиясының солисі. Бұған дейін замандастарымен өнер көрсеткен ол, бұл жолы аға-әпкелерімен бірге үлкен сахнаға шықты.  Театрға жиналған жұрт Карл Орфтың «Кармина Бурана» қойылымын тамашалады. Көне неміс тілінде жазылған шығармадан жас жеткіншек «Қуырылған қаз» ариясын орындады.