Мәдениет жаңалықтары. Астанада суретші Георгий Соковтың көрмесі өтті

«Қостанай базарлары» Ұлттық музейде отандық суретші Георгий Соковтың еңбектері көрмеге қойылды. Экспозицияда ұсынылған картиналар 40 жылдық ізденістің нәтижесі. Базар бейнеленген алғашқы картинаны суретші 1976 жылы салған, содан бері бұл тақырып қылқалам шеберінің сүйіктісіне айналған.