Құрылыс нарығы. Қазақстандағы құрылыс материалдарының өндірісі

Мемлекеттік бағдарламалардың аясында тұрғын үйлерді салу қарқынының артуы жалпы құрылыс саласының дамуына түрткі болды. Құрылыс материалдарының өндірісі экономиканың негізгі бағыттарының бірі деп есептеледі. Себебі осы өнеркәсіп үй салуға басты материалдық база болып қана қоймай, басқа да салалардың дамуына әсер етеді.