Сақшы. Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру

Қазақстанда 2018 жылдың 10 сәуірінде заңсыз сақтаудағы атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құралдарды ел тұрғындарынан сатып алу науқаны басталған болатын. Іс-шараның аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылдың 27 наурызындағы бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған бұйымдарды ерікті түрде тапсырғаны үшін ақы төленеді. Сонымен қатар олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.