Білім. Жекеменшік балабақша
Жарық дүниенің есігін шыр етіп ашқан әр нәрестемен арман-үміттерімізді жалғап жатамыз. Соңғы кезде әке-шешенің мақсат-мұратын арқалайтындардың саны көбейгені қуантарлық. Олардың арасында Астана да бар. 1000 адамға шаққанда 24-25 баладан келеді екен. Баланың көптігі дұрыс, әрине. Тек оларға тиісінше тәлім-тәрбие беру керек. Ал желкілдеген бүлдіршінді қоғамға тәрбиелейтін алғашқы ортасы ол - балабақша.