Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлік шеруі

Ақорда

Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының аумағында жауынгерлік парад өтті. Атаулы шараға ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Парадқа сондай-ақ 300-ден астам әскери техника, 40-қа жуық авиация техникасы қатысты. Армиялық бөлімшелер әскери техниканың заманауи үлгілерін іс жүзінде қолдану тәсілдерін көрсетті.