Мәдениет жаңалықтары. «Eurasia Stars» халықаралық фестивалі

- Елордада «Eurasia Stars» халықаралық фестивалі өтті. Симфониялық концерт елімізде осымен екінші рет шымылдығын түрді. Аталмыш шара – Қазақ Ұлттық өнер Университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Кешке жиналған жұрт Вена классиктерінің жауһарларын тыңдады.

- Өскеменде «Музей түні» тарихи-мәдени акциясы өтті. Көктемнің көрікті кешінде қала тұрғындары өнер әлеміне жетелеген интерактивті атмосфераға бөленді. Игі Шараға қатысқандар тарихтан жаңа мәліметтермен сусындап, ой өрістерін кеңейтті.

- Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан Елордаға көшпелі көрме келді. Келушілердің назарына 40-қа жуық құнды көне кітаптар мен қолжазбалар ұсынылды. Көлемі әртүрлі жәдігерлер ішінде Ахмет Ясауидің шежіресі жазылған насабнама, Ахмет Ясауидің мөрі, Диуани хикмет, қолжазбалар, дұға кітаптар, пайғамбарлар өмірі жазылған кітаптар мен фих мәселелері бар. Олардың ең ескісі – 1886 жылы жазылған.