Мәдениет жаңалықтары. Астанада «Корсар» балетінің тұсаукесері өтті

- Қоюшы хореограф, Ресейдің Халық артисі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балет труппасы Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне орай «Корсар» балетінің премьерасын ұсынды. Спектакльдің басты ерекшелігі, қойылымда қолданылған декорациялар мен костюмдердің әлем бойынша аналогының болмауында.

- Әр елдің астаналары қанша рет өзгерді? Қалай қалыптасты? Бұл сұрақтардың жауабын Тәуелсіздік сарайында өткен халықаралық шарадан табуға болады. көрмеге астаналар шеруін айғақтайтын шежірелер жазылған кітаптар қойылған.

- ҚР Ұлттық музейінде «Таңғажайып Қытай. Аспан асты елінің көз тартатын орындары»   фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Эскпозиция соңғы 10 жылда әлеуметтік, экономикалық және мәдениет бағыттарында жеткен жетістіктердің көрсеткіші.