Білім. 2020 жылы 1-сынып оқушылары қазақ алфавитін жаңартылған нұсқада оқиды
2019 жылдың оқу жылында нөлдік сыныптарға баратын бүлдіршіндер латын әліпбиімен әріп танитын болады. Ал, бір жылды артқа салып, яғни 2020 жылы 1 сыныптың табалдырығын аттайтын жеткіншектер қазақ алфавитін жаңартылған нұсқада оқымақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осылай ақырын-ақырын, аңдап басып, еліміздегі білім беру жүйесі толығымен латын әліпбиімен оқытуға көшуі тиіс. Өткен жылдың соңына қарай қазақ тілінің жаңа алфавиті қабылданды. Ақпанның 20-сы күні Президент «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа өзгерту енгізді. Өткен 3-4 айда қандай жұмыстар атқарылды? Біз бүгін көпті толғандырған осы мәселеге тоқталмақпыз.