Мәдениет жаңалықтары. Астанада А.С.Пушкиннің туған күніне орай кеш өтті
Классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы Александр Сергеевич Пушкиннің шығармалары «Астана Опера» сахнасында шырқалды. Әртістер романтикалық музыка жауһарларын орындады. Кеш - ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған. Концерт шымылдығын тенор дауысты әнші Нұрлан Бекмұхамбетов ашты. Романс жанрын сүйіп тыңдайтын жандарға ол Михаил Глинканың «Я помню чудное мгновенье», «В крови горит огонь желанья» және «Адель» шығармаларын арнады.