Білім. ҰБТ 2018
Мектеп түлектері үлкен науқанға кірісті. Бақ пен баптың сыналар кезеңі туды. Маусымның 20-ы күні Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Жоғары оқу орнына түсу үшін бозбала мен бойжеткен жолдама жеңіп ала алатын бірегей емтиханға биыл 102 мыңға жуық түлек қатыспақ. Бұл - еліміз бойынша барша мектеп бітірушілердің 70 пайызы екен. Мамандар жыл сайын жоғары оқу орнына түсушілердің қатары көбейіп келе жатқанын айтады. Осы 102 мыңдай түлектің 77 пайызы емтиханды қазақ тілінде тапсырып жатыр.