Мәдениет жаңалықтары. Астанада елорда тарихы туралы құнды құжаттар көрмесі ашылды

Тұңғыш Президент кітапханасында ел ордасының Арқаға көшкені туралы құнды құжаттар көрмесі ашылды. Жас қала жайлы 120-дан астам маңызды деректер, жәдігерлер, шетелдік меймандардың кәдесыйлары мен фотосуреттері келушілердің назарына ұсынылды. Шараны Тұңғыш Президент кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің архиві бірлесіп ұйымдастырды.