Драйв. Skoda Kodiaq

Skoda Kodiaq - Чехиялық компанияның ең алғашқы 7 орындық шағын көлемді кроссовері. Сондай-ақ, бірінші рет шанақты айнала толық жарық диодты оптикамен қамтылған моделі. Автомобильдің ұзындығы 4 метрден асса да, аса ірі болып көрінбейді. Бұл дизайнерлердің шеберлігі десек болады. Клиренске тоқталсақ, kodiaq барлық сыныптастарынан озып кеткен. Ол 187 миллиметр. Бірақ, айта кету керек бұндай биіктікке тек 19 дискілер қойылса ғана жетуге болады.