Мәдениет жаңалықтары. Елордада «Ұлы Дала рухы» фестивалінің аймақтық іріктеу жарысы өтті

Астанадағы «Қазанат» атшабарында «Ұлы Дала рухы» фестивалінің аймақтық іріктеу жарысы өтті. Еліміздің төрт өңірінен жиналған спортшылар теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ бойынша жарысқа түсті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған шарада серілер мергендігін, шапшаңдығын, сондай-ақ ептілігін көрсетіп, өзара кіл мықтыны анықтады.