Драйв. Көлік салығы

Автомобильді тәркілеп алу - көлік салығын төлемей жүргендерге ықпал етудің бірден-бір амалы, тіпті соңғы тәсілі десек болады. Жылдар бойы қарыз жинап, кейін қайтара алмай жүргендер, көлікті сатқан кезде дал болады. Салық қарызы қай жыл, қай айдікі екенін білмей сандалады. Осындай жағдай орын алмасы үшін, жауапты мемлекеттік органдар, азаматтарды салығын уақытылы өтеудің түрлі айла-тәсілін енгізіп жатыр. Соның бірі - көлік құралын айып тұрағына қою мәселесі.