Мәдениет жаңалықтары. Корей мәдениет орталығында «Ғажайып Токто аралы» атты көрме ашылды
Корей мәдениет орталығында «Ғажайып Токто аралы» атты көрме ашылды. Экспозицияға аралдың керемет көріністері бейнеленген 30 аса фотоеңбектер енген. Фотосуреттердің ерекшелігі әрқайсында QR кодтың болуында. Смартфонға арнайы қосымша бағдарламаны жүктеп суреттерді шынайылықпен толыққан көріністерді көруге болады. Аталған көрме Қазақстанның ірі қалаларында 2007 жылы өткен болатын. Астанада экспозиция 29 қыркүйекке дейін жалғасады.