Медицина. Тегін берілетін дәрі-дәрмек
Бізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек деген бар. Яғни, бірқатар науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріліп отыруы керек. Бұл тәртіп - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 88-ші бабында көрсетілген. Жеңілдіктерге ие аурулардың тізімінде 42 пункт бар. Жүректің ишемиялық ауруы, аритмия, пневмония деп кете береді, демек, дерттің 42 түріне шалдыққан науқастарға ғана дәрі-дәрмек тегін беріледі деген сөз. Біз бүгін созылмалы ауруларға шалдыққан науқастардың мемлекеттен алып жатқан ем-шарасы туралы айтпақпыз.