Мәдениетке саяхат. Майра Мұхамедқызы Астананың 20 жылдығына арнап шығармашылық кешін өткізді

Танымал опера жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы  Астананың 20 жылдығына арнап,  шығармашылық кешін өткізді.  «Астана-асыл арманым» деп айдар тағылған концертте Түркия, Германия, Армения, Италия және Испаниядан шақыртылған артистер өнер көрсетті.