Мәдениетке саяхат. Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ халықаралық байқау басталды
Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ халықаралық байқау басталды. Екі күнге созылатын додаға әлемнің 16 елінен 27 музыкант келген. Олар ішекті аспапта өнер көрсетеді. Сайыс шарты бойынша қатысушылар бірінші айналымда қазақ күйлерін орындаса, екінші кезеңде өз елінің шығармасын таныстырады.