Үлкен спорт. Әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп маусым соңындағы ойындарға қатыспайды

Омыртқааралық дискінің жарығы жанына батқан әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп маусым соңындағы ойындарға қатыса алмауы мүмкін. Спортшы Бейжіңдегі турнирде Онс Жаберге қарсы ойынды сырқаты күшейгендіктен аяқтай алмады, деп хабарлайды «ИЭсПиЭн».