Мәдениетке саяхат. «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі жаңа маусымының шымылдығын түрді

«Солистер шеруі». Осындай атаумен «Қазақстан» орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі 27-ші маусымның шымылдығын түрді. Өнер ұжымы астаналықтарға бұрын-соңды орындалмаған Моцарттың 4 үрмелі аспап пен оркестрге арналған концерттік симфониясын ұсынды.