Мәдениетке саяхат. Елордада алғаш рет музыкалық әзілге өрілген опера көпшілікке жол тартты

Астанада алғаш рет музыкалық әзілге өрілген опера көпшілікке жол тартты. Туындының тұсауы - «Астана Операда» кесілді. Театр труппасы дайындыққа 6 апта уақытын жұмсап, италиялық композитор Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» комедиялық операсын көрерменге ұсынды.