Ерекше көзқарас. Жемқорлықтың жолын қалай кесеміз?

Бармақ басты көз қысты әрекеттер неге тиылмай тұр? Осы аптада елімізде жоғары лауазымды шенеуніктер тағы да парамен ұсталды. Жуырда елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресуді» қатаң тапсырды. Президент пәрменін орындауды  қолға алған билік партиясы келеңсіздікке тосқауыл қоя ала ма? Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоятын жолдарды кім көрсетеді? Бүгін осы және елбасы Жолдауында берілген өзге де  тапсырмаларды сарапқа саламыз. Студиямыздың қонағы - «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек  Жұмашев.