Үкімет басшысы Рудный қаласына барды
Рудный қаласындағы сапары аясында Олжас Бектенов жылу беру маусымының барысымен және қара металлургияны дамытудың жай-жапсарымен танысты.
Онда Премьер-министрге Соколов-Сарыбай тау кен өндіру бірлестігінің биылғы нәтижелері мен ERG компаниясын одан әрі дамыту жоспары баяндалды. Себебі Соколов-Сарыбай кәсіпорнының өндірістік қуаты жылына 35 млн тонна кен, 9 млн тонна концентрат және 8 млн тонна түйіршікке жетеді. Өнім ішкі нарықтан бөлек Қытай мен Ресейге де экспортталады. Мысалы 11 айда 371 млрд теңгеден астам сомаға 9 млн тонна шамасында тауар жөнелтілген. Сондай-ақ қазір өңірде 3 қазандық пен 4 Жылу Электр Орталығы жұмыс істтеп тұр. Соңғы 3 жылда жабдықтарды жөндеудің арқасында жылумен қамту желілерінің тозу деңгейі 57-ден 45,7 процентке дейін төмендеген.