Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапония Қытайды экономикалық жағынан қолдауын тоқтатады

Жапония Қытайды экономикалық қолдауын тоқтатады. 1979 жылдан бері Бейжің Токиодан 32 млрд доллар көлемінде төмен пайызбен несие, қайтарымсыз субсидиялар мен техникалық көмек алып келген екен. Жапония 39 жыл бойы көрсетілген бұл жәрдемнің ҚХР-дың даму жолында маңызы зор болғанына сенімді. Енді «ЭнЭйчКей» телеарнасының хабарлауынша, Токио келер жылдан бастап, Бейжіңге мемлекеттік деңгейдегі жеңілдіктер беруді тоқтатады.