Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапония мен Қытай 50 келісімге қол қойды

Синдзо Абэ Бейжіңге жасаған сапарында Жапония мен Қытай 50 келісімге қол қойды, деп жазады «Глобал Констракшн Ревю». Құжаттар екіжақты байланысты күшейтіп, қаржы мен сауда және инновациялар мен құнды қағаздар секілді түрлі салалардағы серіктестікті дамытуды көздейді. АҚШ-пен арадағы кикілжің күшейген сайын Азияның ірі екі экономикасы осылай күш біріктірмек. Тараптар іскерлік белсенділікке қарқын беру үшін құны 30 млрд доллар жуықтайтын валюталық свопқа қол қойды. Бұл Токио жасаған ең ірі екіжақты келісім болып отыр.